Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Түркістан облысында 142 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде

2020 жылдың 14 ақпан 2020 12:23

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында бүгінде 142 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде. Бұл көрсеткіш бойынша өңір елімізде екінші орынға тұрақтаған. Бүгін бұл туралы халық алдында есеп берген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы 2019 жылға бизнесті қаржыландыру көлемі 74,6 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 16,5 млрд теңгеге артқандығына да тоқталды. Осы жұмыстардың нәтижесінде 5 мыңнан астам шағын орта кәсіпкерлік жобалары мен 42 мыңға жуық ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қаржыландырылған.

«Инвестицияларды тарту мемлекет басшысының Жолдауында қойған негізгі міндеттері бірі болып табылады. Жобаларды іске асыру бойынша атқарылған маңызды әрі жүйелі жұмыстардың нәтижесінде аймаққа 441,2 млрд теңге инвестиция бағытталып, нақты көлем индексі 38,5%-ға артты. Оның ішінде 61,6 млрд теңге сыртқы инвестицияларға бағытталып, үлесі 14 пайызды құрады. Өңірде 9 индустриалдық аймақ пен «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Арнайы экономикалық аймағы 3 014 гектарды құрайтын 5 субаймаққа бөлінген»,- деді Өмірзақ Естайұлы.

Аймақ басшысының сөзінше, инвестиция тарту арқылы аудан-қалаларда бірқатар ірі жобалар қолға алынбақ. Соның ішінен өткен жылы Келес ауданындағы ресейлік «Эко-Культура Агрохолдинг компаниясы» құны 450 млрд теңгеге жуық болатын инвестициялық жобаға аумағы 500 гектар жерге өндірістік жылыжай құрылысының басталуы күтілуде. Бұл инвестициялық жоба тұрғылықты халықты алдағы 5 жылдықта 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарымен қамтиды деп көзделіп отыр.


Жоғары қарай