Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Түркістан облысында 11 жастағы бала кәріз құдығына түсіп кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды

2019 жылдың 9 сәуір 2019 19:40

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 11 жастағы Бекназар Мейрамбек 2 жасар бүлдіршінді өлім аузынан құтқарып қалды. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрғали Жүнісовтың айтуынша, Сабыржан есімді бүлдіршін жеке үйдің кәріз жүйесінің шұңқырына түсіп кеткен болатын.

«2019 жылдың 2 сәуір күні сағат 19:40 шамасында ойнап жүрген балалар №57 тұрғын үйдің сыртында орналасқан жеке үйдің кәріз жүйесінің шұңқырына кішкентай бүлдіршіннің құлап түскенін байқап қалған. Артынша жүгіріп келген балаларға құдықтың ішіндегі 1 метрден аса лас судан кішкентай бүлдіршін суға бастып кеткен. Осы мезетте 2008 жылы туған 5-сынып оқушысы Бекназар Мейрамбек еш ойланбастан, дереу құдықтың ішіне түседі. Лас су мойын тұсына келгеніне қарамастан, суға тұншығып жатқан 2017 жылы туған 2 жасар Бақытбек Сабыржанды көтеріп алып, шұңқырдан шығарған», - деді департамент бастығы.

Артынша 2 жасар ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдаған. Қазіргі таңда оның денсаулығын дәрігерлер қалыпты деп отыр. Ал, мектеп оқушысы Бекназар Мейрамбек өзінің батылдығы мен қайсарлығын көрсетіп, жас бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды. Осы көзсіз ерлігі үшін ол Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы грамотамасымен және сыйлықпен марапатталды.



null

Жоғары қарай