Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Түркістан облысы: «Nur Otan» партиясы азаматтарды «Open space» форматында қабылдайды

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 08:43

КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясы облыстық филалы алдағы 10 күнде «Open space» форматында «Азаматтарды қабылдау орталығы» өз жұмысын бастайтын болады. Бұл туралы Кентау қаласы Қарнақ ауылы тұрғындарымен кездесуінде партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев бастауыш партия ұйым өкілдерімен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттау Кентауда өзгеше форматта өтті. Бұл жолғы кездесу 5 га жерді игере отырып, алма мен жүзім, өріктің түр-түрін халыққа ұсынып келе жатқан «Мырза» шаруа қожалығында ұйымдастырылды. Кездесуге Кентау қаласы партия филиалының басшылары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуде сөз алған Бейсен Тәжібаев Жолдаудағы негізгі басым бағыттарға арнайы тоқталды.

«Президент Жолдауда үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттырып, қоғамдық ашық диалогтық алаңын құрып, өзара пікір-сайыстар өткізу жөнінде баса айтты. Бүгінгі кездесуіміз осы форматта еркін әрі өзгеше жағдайда яғни шаруа қожалығында өтіп отыр. Алдағы уақытта біз мұндай кездесулердің көптеп өткізу арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға ықпал ететін боламыз. Сондай-ақ, өңір халқының өтініштерін күнделікті тыңдап, тиісті органдар арқылы мәселелерді тұрақты түрде шешуге мүмкіндік аламыз. Алда облыс әкімі, филиал төрағасының тапсырмасымен әкімдік жанынан «Азаматтар өтініштерін бақылау» бөлімі іске қосылғалы отыр. Аталған бөлім арыз-шағымдарды мерзімінде қарап, жауап берілуіне бақылау жасайтын болады. Ал, облыс әкімдігі аппаратының бөлімдері жауаптың сапасын тексереді. Яғни, біздің мақсатымыз-түскен арыз-шағымдар көлемін азайту», - деді Бейсен Тәжібаев.

Кездесу барысында насиxаттық топ өкілдері ауыл шаруашылығын дамыту, атаулы әлеуметтік көмек, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау білдіру мақсатындағы облыста қолға алынғалы отырған жұмыстарды да тілге тиек етті. Өз кезегінде сөз алған ауыл тұрғындары да Жолдауда көңілге қонымды болған негізгі басымдықтарды атап өтті.

Айта кетейік, елімізде партия филиалдары Жолдауды халық арасында кеңінен насихаттап, халықтың мұң-мұқтажына назар аударуды қолға алған. Жұрттың мәселесін анықтау мақсатында өңірдің барлық ауыл-аймақтарында күнделікті тұрғындармен кездесулер ұйымдастыруда.


Жоғары қарай