Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында ахуал орталығы ашылды

2019 жылдың 3 сәуір 2019 18:19

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында ахуал орталығы ашылды. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың бастамасымен ашылған орталық емханалық, стационарлық және медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын жақсартуға ықпал етпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сала мамандарының сөзінше, орталық аймақтың денсаулық сақтау жүйесін бақылау мен басқарудың тиімді құралы болып табылады. Яғни, мұнда әрбір аудан және медициналық ұйымдар бойынша шұғыл әрекет ету шараларын қолдану арқылы онлайн талдау жүргізіледі. Бес қызметкер жұмыс істейтін орталықта облыстың әрбір медициналық мекемесінің ақпараты бақыланып, өңделеді.

Бұл жұмыстардың барлығын аталған клиникалық аурухананың бас дәрігері, Түркістан облысы бойынша ахуал орталығының үйлестірушісі Марат Пашимов басқаратын болды.

Бүгін осы орталықтың ашылуына орай жауапты мамандар бас қосқан семинар өтті. Нұр-Сұлтан қаласы мен Түркістан облысы бойынша аймақтық менеджерлердің қатысуымен өткен жиында 18 медициналық ұйымның 40 қызметкері дәріс алды. Оларға облыстық рейтингтің онлайн талдау модулін қосу, сондай-ақ бастапқы медициналық санитарлық көмек және стационар қызметтерінің дамуына мониторинг жүргізу жайы айтылды.


null




null

Жоғары қарай