Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Түркістан облыстық Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жетісай ауданындағы мемлекеттік қызметшілермен кездесті

2019 жылдың 18 қазан 2019 21:23

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облыстық Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов Жетісай ауданындағы мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Департамент басшысы сөз сөйлеген жиынға қала, кент, ауыл округтерінің әкімдері мен мектеп директорлары және барлық мемлекеттік қызметшілер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын барысында сөз алған Болат Әлмаханұлы биылғы жылдың 9 айында департаментке жеке және заңды тұлғалардан 537 шағым түскенін атап өтті. Оның 492-сі мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекетіне, қалғаны 45-і мемлекеттік көрсетілетін қызметке қатысты болғанын жеткізді.
Басқосуда жарыссөзге шыққан азаматтар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын департамент басшысына қойып, сәйкесінше тиісті жауаптарын алды. Сондай-ақ, Болат Әлмаханұлы ауданға жасаған сапары барысында қаладағы халыққа қызмет көрсету орталығы мен халықты жұмыспен қамту орталығының, Жетісай қаласы әкімі аппаратының жұмысымен танысты.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерін аралап, аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жоғары қарай