Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

«Түркістан - ер түріктің бесігі ғой...» атты әдеби байқау басталды

2019 жылдың 15 наурыз 2019 08:18 621

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстікте «Түркістан - ер түріктің бесігі ғой...» атты республикалық әдеби байқау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Байқауды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұйымдастырып отыр. Конкурс тарихы тереңге тамыр тартқан, Елбасы Жарлығымен облыс орталығына айналған Түркістанның мәртебесін көтеру мақсатында қолға алынған.

Ұлы Тұранның орталығы - Түркістанды насихаттауға арналған әдеби додаға республикамыздың кез келген өңірінен қаламгерлер қатыса алады. Байқау проза және поэзия жанрлары бойынша өтеді. Оған шығармаларды  13 наурыз бен 7 маусым аралығында жолдауға болады.

Әр жанр бойынша жүлделер бөлек анықталып, жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Байқауға түскен шығармаларды сараптайтын әділ қазы құрамында ақын-жазушылар, ғалымдар, сыншылар, кітапханашылар, өнер және мәдениет қайраткерлері мен қоғам қайраткерлері бар. Жүлдегер атанған шығарма авторлары Елбасының Түркістан қаласын облыс орталығына айналдыру жөніндегі Жарлығының бір жылдығына орай, яғни, 19 маусымда Түркістан қаласында өтетін марапаттау рәсіміне шақырылады. Жеңімпаз бен жүлдегерлер қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

 

 

 

Жоғары қарай