Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Түркі тілдес Жайдарман: Бірінші орынды ноғайлардың «Алтын орда» командасы иеленді

2019 жылдың 15 маусым 2019 10:56 1784

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Бейбітшілік пен Келісім сарайында әлемнің түркі тілдес жастарының арасындағы Жайдарман фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тіліміз, дініміз бір, діліміз бір. Енді әзіліміз бір болсын! Бар жанарды жаулаған «Жайдарман» ашық!» деп бастады кештің жүргізуші Есен Елеукен. Оның айтуынша, Жастар жылы деп жарияланған 2019 жылы «Жайдарманның» бірнеше жобалары бар. Соның бірі әрі бірегейі - Халықаралық Жайдармен фестивалі болып отыр. Есен Елеукен дәл осы кешті ұйымдастыруға қолдау білдірген Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істер басқармасына алғысын білдірді.

Жайдарман кешінде танымал сатирик Көпен Әмірбек, белгілі тележүргізуші Ирина Тен, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істер басқармасының Жастар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков, Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, Халықаралық КВН ойындарының 2017 жылғы чемпионы Данияр Жұмаділов қазылық етті.


null 

Жайдарман кешінде Нұр сұлтан қаласынан Қазақстан халқы Ассамблеясы командасы, Моңғолиядан келген «Бай Өлке бағландары», Қарақалпақстаннан келген «Нүкіс» командасы, Ресейден Башқұртстан, ноғайлардың «Алтын орда», Татарстан командасы, қырғызстандық «Позитиф» пен қазақстандық бірнеше команда бақ сынасты. Түркі тілдес елдерден келген ағайынның ақжарма көңілі, «Бай Өлке бағландарының» сағынышы, Ассамблеяның бірнеше ұлтты біріктіре үйлестірген әзілі, Павлодардың Екібастұз қаласынан келген «Біз қазақпыз» командасының Жайдарманға әкелген жаңа стилі көпшілікке күлкі сыйлап, ұтымды әзілдер ұзақ қошеметтермен қолдау тапты.


null 

Тартысты ойында бірінші орынды Ноғай командасы иеленді (1 млн теңге). Екінші орын Қырғыз Республикасының «Позитиф» пен шымкенттік «Бүгін кз» командасына бұйырса, үшінші орынға үш команда моңғолиялық «Бай Өлке бағыландары» мен Башқұрстан, Қарақалпақстан командалары тұрақтады. Кештің үздік ойыншысы атағы Татарстан командасынан Наиль Салахов атты өнерпазға бұйырды.


null 

Еске сала кетейік, түркі тілдес жастардың басын біріктерген халықаралық «Жайдарман» ойындары алғаш рет 2017 жылы өткізілді. Ол кезде Қазақстан командаларымен бірге, шетелдік меймандардың қазақ тілінде өнер көрсетуі көрермендердің зор ықыласына ие болған. «Жайдарман» ойынында Өскеменнен «Алтай», Қостанайдан «Ару.кз», ұйғыр ұлтының «Лағман.ком», Башқұртстанның «Уфа» құрамасы мен Өзбекстан КВН-шілері, Қырғыз Республикасының «Позитив», Алматы облысының «Жетісу», Қазақстанның намысын қорғаған «Қазақ жігіттері», Татарстанның «Қазан» құрамасы мен Оңтүстік Қазақстан құрамасы өзара сынға түскен еді. Бас жүлдені екі жыл бұрын Қырғыз Республикасының «Позитив» құрамасы жеңіп алған.


null 

null 

null 

null 

Жоғары қарай