Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әмiреев Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті

2019 жылдың 21 мамыр 2019 15:00

ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - 20 мамырда Ыстанбұл қаласында Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әмiреевті қабылдады, деп ҚазАқпарат Түркi кеңесi Хатшылығына сілтеме жасап.

Бас хатшы Бағдад Әмiреев Түркі кеңесінің жүргiзiп жатқан жұмысы мен 2019 жылы 3 қазанда Әзербайжанда өтетін және Нахчыван келiсiмiне қол қойылуының 10 жылдығын атап өтетiн Түркі кеңесінің 7-ші саммитіне дайындық барысы мен саммит аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы хабарлады.
Бағдад Әмiреев Түркияның Түркі кеңесі мүше мемлекеттерінің барлық салаларында жан-жақты ынтымақтастыққа қосқан үлесі мен белсенді қатысуы үшін, сондай-ақ кеңестiң жұмысына үздiксiз қолдау көрсеткенi үшiн Режеп Тайып Ердоғанға алғысын білдірді.

Бас хатшы Бағдад Әмiреев жақында құрылған Ортақ Түркi сауда-өнеркәсiп палатасы туралы және Ортақ инвестициялық қор құруға байланысты соңғы өзгерiстер туралы баяндады. Әмiреев бұдан бөлек Ердоғанға Будапешт қаласында Түркі кеңесінiң өкілдігін ашу, кеңеске мүше емес елдермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастар, сондай-ақ Түркi кеңесiнiң оңтайлау және реформалау удерiсi туралы хабарлады.

Түркия әрдайым Түркі әлеміне басымдық беретiнiн атап өткен Президент Ердоған, Түркі кеңесінiң бастамалары мен жұмыстарына және 2018 жылы қыркүйек айында Чолпон-Ата қаласында өткен Түркi кеңесiнiң саммитінде қабылданған шешімдердің орындалуына ризашылық білдірді.

Түркия Президенті Түркi кеңесiнiң бастамалары мен жұмыстары, бауырлас түркітілдес мемлекеттермен және басқа да мүше емес елдермен қарым-қатынастарды дамыту, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) бақылаушы мәртебесіне ие болуына көрсеткен толыққанды қолдаудың одан әрі жалғасатынына сенiм бiлдiрдi.

Айта кетерлігі, кездесуге Түркі кеңесінің Бас хатшының орынбасары Омер Коджаман мен Жоба директоры Али Чивиллер де қатысты.

Жоғары қарай