Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Түркі кеңесі TIKA-мен тығыз әріптестік мәселесін талқылады

2019 жылдың 12 желтоқсан 2019 18:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев Түркияның халықаралық әрекеттестік және ынтымақтастық басқармасы (TIKA) штаб-пәтерінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

TIKA президентінің міндетін атқарушы Серкан Каялармен кездесу барысында Бас хатшы Бағдад Әміреев TIKA-ның бүкіл әлем және түркі әлемі бойынша жобалары мен бағдарламары туралы ақпарат алды. TIKA басшысы сонымен қатар Түркияның түркітілдес мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан маңыздылығын атап өтті. Осыған орай, С.Каялар мырза арнайы жобалардың барысында, оның ішінде мүше мемлекеттердегі адами әлеуетті арттыру мақсатында Түркі кеңесімен әріптестікті тығыз дамытуға дайын екендігін айтты.

Бас хатшы Бағдад Әміреев TIKA басшысын Түркі кеңесінің жұмысымен, оның ішінде Түркі кеңесінің 7-Саммитінде көтерілген сауда және экономика саласындағы iс шараларымен таныстырып, ұйымның болашақ миссиясы мен мақсаттары сондай-ақ Түркі кеңесі мен TIKA арасындағы әріптестік мүмкіндіктеріне қатысты өзінің көзқарасын айтты.

Осыған орай тараптар өзара мүдделілікті көрсететін салаларда және екі ұйымнын 2020 жылы бірлескен жобаларды iске асыру және ынтымақтастықты нығайтудың мүмкін болатын құралдарын үйлестiру туралы пікірлерімен бөлісті.

Кездесуге Бас хатшының орынбасары, Омер Коджаман және Жоба директоры Озге Пан катысты.

Жоғары қарай