Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Түрікменстан Парламенттің қос палаталы жүйесіне ауысады

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 14:53

АШХАБАД-ТDH. ҚазАқпарат – Түрікменстан Парламенттің қос палаталы жүйесіне ауысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркіменстанның TDH мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

25 қыркүйекте Халық Маслахатының ( елдің жоғарғы өкілдік органы) екінші отырысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қос палаталы жүйеге ауысудың дұрыстығын атап өтті. Осы орайда Түрікменстанның Халық Маслахаты мен Түрікменстан Меджлисінің өкілдік заңнамалық биліктің мақсаттарын жүзеге асыратын органдар жүйесіне қосылу бастамасы айтылды.

«Елде заңнамалық жүйені ары қарай дамыту қадамы бүгінде заң шығару қызметінің тиімділігін жетілдіруді талап етуде. Осыған байланысты Түрікменстан Халық Маслахатының құқықтық мәртебесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу қажет. Әлемдегі өзгерістер мен тәжірибені ескере отырып, қос палаталы жүйеге көшкен жөн. Бұл тұрғыда Түрікменстанның Халық Маслахатын және Түрікменстанның Меджлисін өкілдік заңнамалық билік мақсаттарын іске асыратын органдар жүйесіне қосу дұрыс», - деді аталған елдің Президенті.

Оның сөзіне қарағанда, сапалы қос палаталы жүйеге көшу түрікмен қоғамының барлық топтарының мүддесін қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде депутаттардың сайлаушылармен тығыз байланыс орнатуына, заңдар мен ұлттық бағдарламалардың орындалуына бақылауды күшейтуге ықпал ететіні айтылды.

Осы орайда Гурбангулы Бердімұхамедов Түрікменстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Конституциялық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Белгілі болғандай, ел Президенті меморганнның құрылымын жетілдіру бойынша ұсынысты 2020 жылы Түрікменстан Халық Маслахатының қарауына енгізу бастамасын көтерді.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Әлем, Түрікменстан,
Жоғары қарай