Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Түрік оқушысы мұғалімін тапаншамен атқан

2019 жылдың 8 қаңтар 2019 19:14

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның батысында Афьонкарахисар қаласындағы мектептің жоғары сынып оқушысы мұғалімін аяғынан атқан, деп хабарлайды Cumhuriyet газеті.

Басылымның дерегі бойынша, оқушы тапаншаны гитараның қабына салып алып кірген. Алдын ала мәліметке қарағанда, оқушы оқты ұстазымен жанжалдасқан кезінде атқан. Оның туындауына оқушының сабаққа келмеуі себеп болған. Оқтың даусын естіген мектеп әкімшілігі шұғыл полиция мен дәрігерлерді шақырды. Жарақаттанған мұғалім жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Полиция оқ атқан оқушыны ұстады.

Басты сөздер: Түркия, Оқиға,
Жоғары қарай