Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Түрік компаниясы Ақтөбеде индустриялды аймақ ашуға ниет білдірді

2019 жылдың 18 шілде 2019 06:20

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Gebze» түрік компаниясының өкілдері Ақтөбеге іскерлік сапармен келіп, индустриялды аймақ ашу жобасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Gebze» ұйымдасқан өндірістік аймағының басқарма
төрағасы Вахит Йылдырымды қабылдады. «Біздің аймағымыз үшін түрік компаниясымен бірлескен индустриялық аймақ құрудың пайдасы өте зор. Өздеріңіз де жақсы білесіздер, шетелдік инвесторлар үшін Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы өте ыңғайлы, мүмкіндігі зор. Бұл өз кезегінде аймақтың дамуына мүдделі әлеуетті инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. Келешекте «GOSB» компаниясымен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум игі бастамаларға жол ашады деп сенемін. Біз өз тарапымыздан аталған жобаларды қолдауға және орналасатын орындарымен қамтамасыз етуге толық кепілдік береміз«, - деді өңір басшысы Оңдасын Оразалин.





Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, »Ақтөбе« ӘКК-ы мен Түркияның

»Gebze« ұйымдасқан өндірістік аймағы (GOSB) арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.




Gebze – Түркиядағы ең үлген индустриялық аймақ. Онда әлемдік компаниялардың 40%-ы шоғырланған. Экспорттың жылдық айналымы – 29 миллиард долларды құрайды. Gebze ұйымдасқан өндірістік аймағы (GOSB) Ыстамбұл мен Қожаелі қалаларының шекарасындағы Гебзе провинциясында орналасқан.

Кездесу соңында аймақ басшысы түрік компаниясына өз алғысын білдіріп, аталған
жобаларға жан-жақты қолдау көрсету үшін »Ақтөбе« ӘКК мен жауапты сала
басшыларына нақты тапсырмалар берді.





Жоғары қарай