Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Тұрғындар заңсыз сақталған мыңға жуық қаруды тапсырды - ІІМ

2019 жылдың 26 сәуір 2019 22:15 710

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл заңсыз сақталған қару, оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру акциясына бюджеттен 100 млн теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еліміздің аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың жолын кесу мақсатында 10 сәуірде халықтан заңсыз айналымдағы атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды. Қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді қабылдау әр аймақтағы полиция органдарында жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Республикалық бюджеттен осы мақсатқа «Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді тапсыруды ынталандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 100 млн теңге қаржы бөлінді.

Қауіпсіздік мақсатында және жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жарылғыш заттар мен құрылғыларды тасымалдауға, ұстауға, бұл заттармен қандай да бір әрекеттер жасауға тыйым салынады.

Егерде азаматтар зарлығыш заттар мен құрылғыларды тауып алған жағдайда 102 немесе 112 телефон нөмерімен полиция бөлінісіне хабарлау қажет.

«Қазіргі уақытта тұрғындар 998 атыс қаруын ерікті түрде тапсырды, оның ішінде 116 ұзын ұңғылы қару, 5 тапанша, 869 тегіс ұңғылы қару, 8 травматикалық қару мен 32 мыңнан астам оқ-дәрі алынды», - делінген хабарламада.

ІІМ өз еркімен қаруын тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын атап өтіп, азаматтарға аталған акцияға атсалысуға шақырады.

 

 

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Аймақ,
Жоғары қарай