Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Тұрғындар кolesa.kz сайтындағы жалған хабарландыруларға алдануда

2019 жылдың 10 қазан 2019 09:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Интернет-сайтқа жалған хабарландыру орналастырып, екі азаматтың 8 млн теңгесін иемденген алаяқ сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот ақпаратына сәйкес, азамат Д. 2018 жылы кolesa.kz интернет-сайты арқылы нарықтағыдан арзан бағамен премиум-санаттағы көліктерді сататыны туралы хабарландыру орналастырған.

Сөйтіп, биыл сәуір айында 2012 жылы шыққан «Toyota Land Cruiser» көлігін 8 млн теңгеге сатып алғысы келген елорда тұрғынын алдап соққан. Ол іс жүзінде жоқ автомобильді мемлекеттік мекемеден сатып алу қажеттігін айтып, одан 4 млн теңге алған.

Сондай-ақ биылғы маусым айында сайттағы хабарландыру бойынша 2014 жылы шыққан «Nissan Patrol»-ды 7,5 млн теңгеге сатып алмақ болған тағы бір азаматты сан соқтырған. Оның 4 млн теңгесін иемденіп, өз міндеттемелерін орындамаған.

«Нұр-Сұлтан қаласы №2 Есіл аудандық сотының үкімімен азамат Д. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармақшасына сәйкес кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ соттың осы үкімімен зардап шеккендердің әрқайсысының пайдасына 4 млн теңге өндіріп алынды. Үкім заңды күшіне енді», - деді соттан.

Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Сот, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай