Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Тұрақты мекенжайы жоқ Қазақстан азаматына Ресейден 850 тонна қант жіберілген

2019 жылдың 22 тамыз 2019 17:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қырғызстан мен Ресей Федерациясынан Қазақстанға 1,5 мың тонна тауарды жалған тұлғалар арқылы әкелу әрекеті әшкере болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің экспорттық бақылау басқармасының басшысы Қадыр Ысма ғ ұловтың сөзіне қарағанда, 1 сәуір мен 20 тамыз аралығында ел аумағына 184 заңсыз тауар кіргізу дерегі анықталған. Контрабандалық тауардың жалпы салмағы 1 545 тоннадан астам. Салдарынан мемлекетке 45 млн теңгеден астам зиян келген.

«Аталмыш тауарды шекарадан алып өтпек болған жүк көліктері импорттаушы тұлға анықталғанға дейін меншік тұрақ орындарында болады. Мемлекеттік кіріс органдары істі мамандарылған ауданаралық экономикалық сотқа жіберу үшін материал дайындап жатыр. Мысалы, 20 тамызда Ресей-Қазақстан бағытында салмағы 20 тонна қант тасымалдап бара жатқан көлік ұсталды. Ілеспе құжаттарды тексерген кезде тауардың тұрақты мекенжайы жоқ Д.Н. Селин есімді жеке тұлғаға жолданғаны анықталды. Мемлекеттік кіріс органдары атал м ыш адам 1 сәуір мен 20 тамыз аралығында құны 181 млн теңге болатын 850 тонна қантты импор т тағанын анықтады. Осылайша , мемлекетке 22 млн теңгеден астам зиян келген», - дейді Қадыр Ысмагұлов.

Жоғары қарай