Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Түлкібаста «Менің туым – менің Отаным» патриоттық акциясы өтті

2019 жылдың 16 қараша 2019 18:21

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Менің туым – менің Отаным» атты патриоттық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев пен аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының бірінші орынбасары А.Нұранов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Алтынбеков пен жастар қатысты.




Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы акцияның маңызына тоқталды.

«Бүгінде отандастарымыз еліміздің Көк туы астында ерлік жасап, еңбек, ғылыми, мәдени және спорттық жетістіктерге жетіп жүр. Біз әртүрлі салада жоғары жетістіктерімен еліміздің Көк байрағын көкте желбіретіп жүрген азаматтарға алғыс айтамыз», - деді Ерлан Күзембаев.




Айта кетейік, мұндай акция елімізде «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынып, әрбір өңірде өтуде. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау арқылы оларға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту, жастарды отансүйгіштікке баулуға бағытталған.




Жоғары қарай