Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Түлкібаста 3500 адамды жұмыспен қамтитын 7 жоба іске қосылады

2019 жылдың 29 сәуір 2019 21:47 826

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Түлкібас ауданында 2019-2020 жылдары жалпы құны  98,2 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылып, 3500 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.  

7 жоба -  «Ет өнімдері» ЖШС, «AK Kazyna» ЖШС, «РАХ Оңтүстік» ЖШС, «Жабағылы Құс» ЖШС, «Арсен Ас» ЖШС, «Ferrum Construction» ЖШС және «Түлкібас Темір» ЖШС.

Бұдан өзге, ауданға биыл 17,9 млрд теңгеге инвестиция тарту көзделіп отыр. Оның ішінде, кәсіпкерлік саласында - 13 млрд 195 млн теңге, ауылшаруашылығы саласында - 350 млн теңге, құрылыс саласында - 1 млрд 468,4 млн теңге, әлеуметтік салада - 2 млрд 49,3 млн теңге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық салада -  837,4 млн теңге.

Туризмді дамыту мақсатында ауданда 2019 жылы жалпы құны 1 млрд 336 млн теңгені құрайтын 5 нысанды іске қосу жоспарланып отыр. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жол бойында қазіргі таңда ірі 3 жобаның құрылысы жүруде. Олар «Құрылыс» ЖШС жол бойы қызмет көрсету орталығы, жобаның жалпы құны - 346 млн теңге сыйымдылығы - 100 орын, онда жаңадан 25 жұмыс орны ашылады. «Шұқырбұлақ» жол бойы қызмет көрсету орталығы, жобаның жалпы құны - 150 млн теңге сыйымдылығы - 50 орын, жаңадан 12 жұмыс орны ашылатын болады. «Шақпақ» жол бойы қызмет көрсету орталығын қайта құрылымдау, жобаның жалпы құны - 76 млн теңге, сыйымдылығы - 30 орын, жаңадан 10 жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, ауданда табиғи емдік туризмді дамыту мақсатында биыл сыйымдылығы 70 орындық «Этно Парк» құру жобасы қолға алынады. Жобаның жалпы құны - 417 млн теңге, жанадан 30 адамға жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, «Жайлау» емдеу сауықтыру орталығы Жобаның жалпы құны - 347 млн теңге, сыйымдылығы - 100 орын, кешен 50 адамды жұмыспен қамтымақ. 

Айта кетерлігі, Түлкібас ауданы таулы аймақта орналасқандықтан алма бау шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. 2019-2025 жалдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, алма бау көлемін 5885 гектарға жеткізіп, алманы Түлкібас ауданының брендіне айналдыру мақсаты қойылған. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде 2007-2018 жылдар аралығында 1634 га жерге алма бауы отырғызылды.  2019 -2025 жылдары қосымша 2450 га жерге жоғары өнім беретін алма сорттарын (Голден Делишес, Семиренко, Мельба, Редделишес) отырғызу жоспарлануда, оның ішінде  2019 жылға  жоспар - 200 га.

Ауданда мал бордақылау алаңдарын ашу бойынша 2019-2020 жылдар аралығында өңірде өндірілетін ет көлемін 21,1 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, сүт қабылдау бекеттерінің қуаттылығын арттыруда аудан көлемінде 13 сүт қабылдау бекеттері  «Майлыкент сүт» ЖШС және «Фуд мастер» АҚ келісім шартпен тәулігіне 24 тонна сүт өткізуде. 2019-2020 жылдары 6 сүт қабылдау  бекеттерін іске қосып, тәулігіне қосымша  9600 литр сүт қабылдау көзделген.

 

 

Жоғары қарай