Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Түлкібас ауданында 23 жылқыны айдап кеткен барымташылар ұсталды

2019 жылдың 17 маусым 2019 14:52 572

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Түлкібас ауданында барымташылар 4 жерден 23 жылқыны ұрлаған,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті төрт бірдей тұрғын жылқыларының ұрланғаны жөнінде полицияға арызданған. Олардың бірі 30 бас жылқысын жайылымға қараусыз жіберіп, кешкісін жылқылар арасынан жалпы құны 4 миллион теңге тұратын 12  бас жылқысы жоғалғанын көрсеткен.

 Осы секілді арыздар  тағы 3 бірдей жәбірленушіден түскен.  Олар да  жайылымда жүрген 11 бас жылқысының жоғалып кеткенін айтып, шағымданған. Сөйтіп, мал иелеріне  жалпы құны 3 500 000 теңге шығын келгені анықталған.

Аталған оқиға қатысты ҚР ҚК-нің 188-ші «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне  тіркелді. Тәртіп сақшылары тарапынан жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, тәжірибелі полицейлерден арнайы топ құрылған. Нәтижесінде осы қылмыстарды жасаған деген күдікпен 3 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшесі ұсталды.  Қазіргі уақытта олар қамауға алынып, жасаған қылмыстарын толығымен мойындады. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

 

 

Жоғары қарай