Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Туған күнге арыстанның аланын сыйлау сәнге айналды - басқарма басшысы

2019 жылдың 12 шілде 2019 15:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жануар сыйлау дәстүрін тоқтату қажет. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Туған күнге арыстанның аланын сыйлау сәнге айналды. 4 айдан соң ойыншық керек болмай қалады. Оны қайда жібереді? Осыдан проблема басталады. Оларды күтіп бағу керек. Ол болмаса, жануар ауыра бастайды. Адамдар жануарларды өзінің жан рақаты немесе пайда үшін ұстауды доғаруы керек», - деді Н.Сыдықов Алматы зообағында өткен жиында.

Басқарма басшысы бүгіннен бастап зообақ ешқандай жануарды қолдан әрі құжатсыз қабылдамайтынын жеткізді.

«Құжатсыз, екпесіз, денсаулығы туралы ресми дәйектерсіз ешқандай жануар енді зообаққа қабылданбайды. Бұған дейін біз құжатсыз қабылдамаймыз деген кезде, қанша адам бізге наразылық білдірген болатын. Алайда, біз айыпты болмас үшін енді ешбір жануар тиісті тәртіпсіз алынбайды», - деді Нұрлан Сыдықов.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Мәдениет, Алматы,
Жоғары қарай