Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Трамп АҚШ президенті болғалы 5 млрд долларынан айырылды

2019 жылдың 14 тамыз 2019 18:00 148

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы болып сайлануына байланысты 5 млрд доллардан айырылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC телеарнасына сілтеме жасап.

Трамп бизнесмендік мансабын тоқтатқалы бері ала алмай қалған табыстарын, сондай-ақ өзіне білдірілген шағымдармен айналысқан адвокаттарға кеткен қаражаттарды осылай бағалаған.

«Президент болуыма байланысты шамамен үш-бес миллиард доллардан айырылдым. Бірақ маған бәрібір, мені ол қызықтырмайды. Президент болғанымның өзі мен үшін бақ-дәулет», - деді Трамп.

NBC телеарнасының хабарлауынша, Трамптың осыншама қаржыдан айырылып отырғанын анықтау мүмкін емес. Айта кетейік, Forbes журналының наурыз айындағы дерегі бойынша, Трамп активтерінің жиынтық құны шамамен 3,1 млрд доллардың айналасында.

Басты сөздер: АҚШ,
Жоғары қарай