Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Той үстінде уланған 29 адам ауруханаға түсті

2019 жылдың 14 тамыз 2019 13:11 196

БЕРЕГОВ. Укринформ-ҚазАқпарат – Украинаның Закарпатье облысында 29 адам той үстінде уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

Украинаның Бас төтенше жағдайлар қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға Берегов ауданында болған. Астан уланған 29 адамның сегізі – жас бала.

«12-13 тамыз күндері Берегов аудандық орталық ауруханасына 29 адам (8 бала) жатқызылды. Олар 10 тамыз күні «Семейный уют» мейрамханасында болған тойда (жалпы 190 адам болған) тамақтан уланған», - делінген хабарламада.

Қазір індет тарауының алдын алу шаралары жүріп жатыр.

Басты сөздер: Украина, Оқиға,
Жоғары қарай