Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Төтенше жағдайда пайдаға кенелмек болған кәсіпкерлерден 4 млн маска тәркіленді

2020 жылдың 26 наурыз 2020 16:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде елдегі заңдылық пен тәртіп сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір барлық өңірлерде прокуратура, полиция және мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерінен құралған мобильді топтар жұмыс істеуде. Олар барлық жерде медициналық маскалар мен антисептиктерді рұқсатсыз, жоғары бағада сату бойынша деректерді анықтаумен айналысып жатыр. Төтенше жағдай жарияланғалы бері Қылмыстық кодекстің 215-бабы бойынша 15 тергеу амалы басталды», - деді министр Хабар 24 арнасындағы онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында.

Дәурен Абаев мұндай жағдайлар елордада, Алматыда және Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, БҚО-да анықталған.

«Елордада және Ақтөбе облысында маска мен антисептикті заңсыз сатқан 40 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Осы әкімшілік және қылмыстық істер бойынша 4 млн маска мен 13 мың литр антисептик тәркіленді. Олар денсаулық сақтау мекемелеріне беріліп жатыр», - деді ол.


Жоғары қарай