Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Тоңазытқышта өлген сәби оқиғасы: Министрлік пікір білдірді

2019 жылдың 4 қазан 2019 17:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысын жұмыстан шығару ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау вици-министрі Ләззат Ақтаеваның айтуынша, мұндай шешімге Атырау облысында перинатальды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінуі себеп болған. Сондай-ақ, аталмыш перзентхана орталығының қызметкерлерінің жемқорлыққа байланысты қылмыстық іске қатысты болуы да ықпал еткен.

«Атырау облыстық перзентхана орталығы облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарайды. Осыған байланысты министр (Біртанов-авт.) мұндай жағдайлардың тіркелгенін естіп кеше Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысын жұмыстан шығаруды ұсынды. Басқарма басшысы өз еркімен жұмыстан кететінін айтты. Бұдан бұрын айтқанымдай, бас дәрігерлерді тағайындау немесе оларды алып тастау – жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне жатады», - деді ол елордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында.

Сонымен бірге, вице-министр шетінеген нәрестенің ата-анасынан кешірім сұрады.

«Мен қайғы жамылған отбасыға көңіл айтып, кешірім сұраймын. Алайда, қасақана кісі өлтіру фактісін жүргізіліп жатқан тергеу анықтайды», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысында перзентхана орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.

Жоғары қарай