Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

«Томирис» фильмі алғаш рет Qazaqstan ұлттық арнаcынан көрсетіледі

2019 жылдың 16 желтоқсан 2019 09:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күніне орай «Томирис» фильмі алғаш рет Qazaqstan ұлттық арнаcынан көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні сағат 19:00-де режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі алғаш рет Qazaqstan Ұлттық телеарнаcынан көрсетіледі. Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және Sataifilm компаниясы бірлесе түсірген.

Шығармада біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғалар суреттеледі. Кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады.

Естеріңізге сала кетсек, «Томирис» фильмі биыл күзде жалпыұлттық прокатқа шығып, көшбасшылар қатарынан көрінген .


Жоғары қарай