Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Толық емес көпбалалы отбасыларға үйден жұмыс істеуге мүмкіншілік жасау қажет - Елбасы

2019 жылдың 27 ақпан 2019 11:39

АСТАНА. ҚазАқпарат - Толық емес көпбалалы отбасыларға үйден жұмыс істеуге мүмкіншілік жасау қажет. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Толық емес көпбалалы отбасыларға үйден жұмыс істеуге мүмкіншілік жасау қажет. Ал ауылдағы көпбалалы отбасыларға жекелеген гранттар, квоталар және шағын несиелер бөлу қажет. Осы бағытта жұмыс істеу керек. Үкімет пен әкімдер бұл қызметті "Нұр Отан" және "Атамекенмен" бірге жүзеге асыруы тиіс", - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы барлық әкімдер мұқтаж отбасыларға көмек көрсетудің өңірлік бағдарламасын партиялық "Бақытты отбасы" жобасына сәйкес қайта қарастыру керектігін ескертті.

"Ол еліміздегі отбасы институтын жүйелі қолдауға бағытталған", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жоғары қарай