Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 37 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Төлем балансына қатысты ахуал жақсарып келеді - Ұлттық банк

2019 жылдың 6 маусым 2019 13:36 2358

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Инфляцияның тұрақтануы Ұлттық банкке базалық ставканы төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін палатаның жалпы отырысында «ҚР Үкіметі мен Есеп комитетінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері талқылануда. 

«Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты инфляциялық таргеттеу режимінде жүргізіледі. Ұлттық банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. 2018 жылы инфляция біртіндеп төмендеп, 5-7 пайыз нысаналы дәліз ішінде қалыптасып, жыл қорытындысы бойынша 5,3 пайызды құрады. 2019 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция да 5,3 пайыз деңгейде қалыптасты. Инфляцияның тұрақтануы Ұлттық банкке базалық ставканы төмендетуге мүмкіндік берді. 2018 жылы ол біртіндеп 10,25 пайыздан 9,25 пайызға  дейін төмендетілді. Ағымдағы жылғы сәуірде ол 9 пайызға дейін төмендетілді. Тұтастай алғанда, ақша-кредит саясатының сипатын инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізуге де, орнықты әрі экономиканың инфляциясыз өсуіне жәрдемдесуге ықпал ететін бейтарап инфляция ретінде сипаттауға болады», - деп хабарлады О. Смоляков.

Ол теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы валюта саясатын жүргізу режимі болып қалып отырғанын қоса айтты.

«Бағам мұнай бағасы және ірі сауда әріптес елдер валюталарының бағамдары сияқты іргелі факторлардың, сондай-ақ ішкі факторлар мен маусымдылықтың әсерінен қалыптасуы мүмкін», - деп түсіндірді ҰБ басшысының орынбасары.

Сонымен бірге, ол еліміздің төлем балансына қатысты ахуал жақсарғаны туралы айтты.

«Ағымдағы шот 2 тоқсан қатарынан профицитпен қалыптасып отыр. Мәселен, алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы 1-тоқсанда ағымдағы операциялар шотының профициті сауда балансының 14,4%-ға, яғни  7,1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғаюы нәтижесінде 0,8 млрд АҚШ долларын құрады. Елдің сыртқы борышы төмендеуде», - деді Смоляков.

 

 

Жоғары қарай