Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Төлеби ауданында шоколад өндірісі қолға алынған

2019 жылдың 1 сәуір 2019 21:55

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Төлеби ауданына барды. Аймақ басшысы таулы аудандағы Бірінші мамыр ауылында «Балмұздақ» ЖШС-ның жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған кәсіпорын жылына 3 мың тоннаға жуық балмұздақ, 15 тонна түшпара өнімін шығарады. Сондай-ақ, серіктестікте өткен жылы жобалық құны 800 млн теңгені құрайтын шоколадты глазурь және шоколад өңдейтін цехын іске қосылған. Алдағы уақытта цехта жылына 1100 тонна шоколадты глазурь мен шоколад өнімдері өндірілетін болады.

Бұдан соң өңір басшысы Киелітас ауылдық округінде орналасқан «Газпромнефть-Битум Қазақстан» ЖШС мұнай өнімдерін өңдейтін зауыттың жұмысын көріп, «Шымкент Құс» ЖШС құс етін өндіретін цехының жаңа құрылыс жұмыстарымен танысты. 2019 жылдың қазан айында іске қосылатын жобаға 896 млн теңге инвестиция тартылған. Мұнда жылына 2500 тонна құс етін өндіру жоспарланған. Өмірзақ Шөкеев аудан басшысына құс етін өндіруді арттырып, кәсіпкерлерге қажетті жер телімдерін бөлуді тапсырды.




null

Аймақ басшысы сапары барысында сондай-ақ, «Қазығұрт бақтары» ауылшаруашылық өндірістік копперативінде де болды. Егіс алқабында бүгінгі таңда 265 000 көшет отырғызылған. 140 га аумақтың 110 гектары алма бау, ал қалған 28 гектардың құрылысы жүргізілуде. Бағбандардың сөзінше, көшеттердің барлығы Италиядан әкелінген. Соның ішінде Гренин Сит сорты - 50 мың, Айдаред - 50 мың, Голден делишес - 115 мың түп бар. Сонымен бірге, Гала сортынан 50 004 түп егілген. Жалпы егіс алқабына 1 млрд теңге қаржы бөлінген.




null

Кооперативте Өмірзақ Естайұлы жауапты сала басшыларына қарқынды бау көлемін арттыру жөнінде тапсырма берді. Мол өнім алуда тамшылап суғару әдісінің тиімділігін айтты.




null

Аудандағы өндіріс орындарын аралаған өңір басшысы кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын ашу жөнінде тапсырмалар беріп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартатын жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Жоғары қарай