Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Төлеби ауданында 25 жастағы турист таудан құлап, мерт болды

2019 жылдың 18 маусым 2019 13:16 795

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Біркөлік тау шатқалында жас жігіт пен бойжеткен жоғалып кеткен. Оларды іздестру кезінде  25 жастағы туристің таудан құлап,  қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Шымкент қалалық ТЖД мәліметінше,  16 маусым күні түнгі сағат 00:10-да  құтқару қызметінің пультіне Төлеби ауданында демалушылар тобынан 25 жастағы жігіт пен 22 жастағы бойжеткеннің 15 маусымда шамамен сағат 22:00-де жоғалғандығы  туралы хабарлама келіп түскен.

«Іздестіру жұмыстарына Шымкент қалалық жедел-құтқару жасағының 9 құтқарушысы мен Түркістан облысы Төлеби ауданы ТЖ бөлімінің 14 қызметкері, жергілікті атқарушы билік органдары мен аудандық полиция бөлімінің 5 қызметкері мен ҚР ҰҚК ШҚ №2041 ӘБ 4  әскери қызметкер және 1 ит жұмылдырылды. 

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар Біркөлік шатқалының тау аймағында 120 м биіктіктен құлап,  ағаш бұтақтарында ілініп қалған 1994 жылғы жас жігіттің денесін тауып алды. Ал, жоғалған 1997 жылғы қыз өздігінен шатқалдан түсіп,  ауруханаға жатқызылған», делінген хабарламада.   

 

 

Жоғары қарай