Ауа райы
Нұр-Сұлтан 3 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
CNY 54.80

Толассыз жауған жаңбыр 70 адамның өмірін қиды - ОАР

2019 жылдың 25 сәуір 2019 17:53 890

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасының шығысындағы Квазулу-Натал провинциясында толассыз жауған жаңбыр салдарынан қаза тапқандар саны 70-ке жетті, деп хабарлайды SABC News телеарнасы жергілікті билікке сілтеме жасап.

Бұдан бұрын 51 адамның мерт болғаны хабарланған еді.

Провинция басшысы Сихле Зикалала құрбандар саны 70-ке жеткенін растады. Тағы мыңдаған адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Провинцияда үйінділер сұрыпталып жатыр, құтқару жұмыстары жүргізілуде. ОАР-дың шығысында қатты жауын-шашыннан жолдарды су басып, инфрақұрылымдар зақымдалды және үйлер қирады. 

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай