Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Токиоға тікелей рейс қашан ашылатындығы белгілі болды

2019 жылдың 26 наурыз 2019 18:56 577

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «Эйр Астананы» Нұр-Сұлтан - Токио - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстерді орындаушы әуе компаниясы ретінде бекітті. Бұл жайында ақпарат аталған комитеттің Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2019 жылдың 30 қаңтарындағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «Эйр Астана» әуе компаниясын Нұр-Сұлтан - Токио - Нұр-Сұлтан бағытындағы тұрақты рейстерді орындау үшін Қазақстан Республикасының әуе тасымалдаушысы ретінде бекітті», - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетерлігі, Қазақстан мен Жапония аралығындағы тікелей рейстерді ашудың құқықтық негізі 2016 жылдың қараша айында қалыптасқан болатын. Оған сәйкес, Қазақстан мен Жапония әуе компанияларының әр тараптан аптасына 14 рейске дейін орындау мүмкіндігі бар.

«2019 жылдың екінші жартысында «Эйр Астана» әуе компаниясы Токиоға тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр. Ұшу жиілігі аптасына 2 рейс Boeing 767 ұшағымен орындалады», - деді комитеттен.

 

 

Жоғары қарай