Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Тоқаевтың Ташкентке келген сәтінің видеосы жарияланды

2019 жылдың 14 сәуір 2019 20:26

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапармен Ташкентке келген сәтінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Сапар аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен жеке және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіп, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп күтілуде. Сондай-ақ, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізу жоспарланған», - деп жазды Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатыспақ.

Жоғары қарай