Ауа райы
Астана -30 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 378.86
EUR 416.78
RUB 6.06
CNY 54.62

Тоқаев жастарға: Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла» дейтін өсиетін үнемі есте ұстау керек

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 12:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла. Талап қыл артық білуге» дейтін өсиетін үнемі есте ұстау керек. Бұл туралы бүгін Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұрпағын аялай білген халық іргелі жұртқа айналатындығы белгілі. Біз халқымызды әлемге танытқан ең асыл қасиеттерді сіздердің бойларыңыздан көргіміз келеді. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла. Талап қыл артық білуге» дейтін өсиетін үнемі есте ұстау керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Жастар жылында өскелең ұрпақты қолдау үшін көптеген жұмыс атқарылғанын айтты.

«Осы маңызды жыл аясындағы жобаларды іске асыру кезінде даңғазалықтан бас тартып, нақты іспен айналыстық. Мемлекеттік органдар бірнеше маңызды бағыт бойынша жұмыс жүргізді», - деді ҚР Президенті.

Жоғары қарай