Ауа райы
Нұр-Сұлтан 6 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Тоқаев мемлекеттік тілден емтиханды қалай тапсырды

2019 жылдың 23 сәуір 2019 18:32 1524

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков «Nur Otan» партиясының атынан кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың емтихан нәтижесін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, «Nur Otan» партиясы ұсынған үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін келіп емтихан тапсырды. Екі сағаттың деңгейінде біздің ортамызда болды. Ережеге сәйкес емтихан тапсырды. Бірінші жазба жұмысының тақырыбы - «Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері». Екінші мәтін оқуға Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» әңгімелер мен хикаяттар  жинағын таңдап алды. Үшіншісі ол кісінің жанына жақын  «Қазіргі Қазақстанның геосаясаты» тақырыбы болды», - деді Мырзатай Жолдасбеков.

null 

Оның айтуынша, президенттікке үміткерден емтихан алуға комиссияның мүшелері толық қатысып, өздерінің пікірлерін ашық айтқан.

«Бірінші шығарма жазғанда Абайдың поэзиясы, қара сөздері, оның жалпы халыққа беретін маңызы туралы бүгінгі үміткеріміз терең толғаған. Өте әдемі жұмыс. Біз бұл жұмыстан бірде-бір қате көргеніміз жоқ. Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» әңгімелер мен хикаяттар  жинағының үш бетін оқыды. Мәнерлеп, ырғағымен өте әдемі  оқып берді. Ал «Қазіргі Қазақстанның геосаясаты» жайында кең толғады, терең сөйледі. Жалпы біздің лингвистикалық комиссияның берген қорытындысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік тілді толық, жан-жақты меңгерген», - деді комиссия төрағасы.

 

 

Жоғары қарай