Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Тоқаев Мәскеу халықаралық қатынастар университетіне қалай оқуға түскенін айтты

2019 жылдың 28 қазан 2019 17:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетіне қалай оқуға түскенін, алған білімі өзінің өмірінде қандай рөл атқарғанын айтты. Бұл туралы аталмыш университеттің 75 жылдығына арналған деректі фильмде көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Жуырда «Бірінші арнаның» эфирінен Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінің 75 жылдығына арналған «МГИМО на всех языках мира» атты деректі фильм көрсетілді.

«Фильмнің түсірушілері осы бірегей жоғары оқу орнының көптеген атақты түлектерімен кездескен. Олардың ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та бар. Қазақстан Президенті аталған жоғары оқу орнына қалай оқуға түскенін, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінде алған білімі өзінің өмірінде қандай рөл атқарғанын айтты. Мемлекет басшысынан бөлек осы оқу орнының белгілі түлектері – Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Мирослав Лайчак, РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және басқа да ірі саясаткерлер мен бизнесмендер өздерінің студент кездеріндегі естеліктерімен бөлісті», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Жоғары қарай