Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Тоғыз жолдың торабындағы Арыс қаңырап бос қалған (фоторепортаж)

2019 жылдың 25 маусым 2019 19:56 1708

   АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласының бүгінгі тыныс-тіршілігін тілшіміз көзбен көріп қайтты. Тоғыз жолдың торабындағы теміржолшылар қаласы қазіргі таңда қаңырап бос қалған. Онда тек әскерилер мен құзырлы орган өкілдерін кездестіруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы бірқатар ғимараттардың терезелері сынып, тұрғын үйлер өртенген. Халықтың көп шоғырланатын жері орталық базар да бос тұр. Азаматтар төтенше жағдай кезінде бас сауғалап, қашып кеткенін байқауға болады. Себебі, саудаға қойылған азық-түліктер де, киім-кешектер де сол күйі ашық-шашық күйде қалған. Көкөністер жолдың бойында қапшықтарда салынып тұр. Ас атасы нандар да сауда қатарларында қатып қалған. Сондай-ақ кәсіпкерлік нысандардың да есігі ашық. Кейбірінде терезелері сынып, дәмханалардың есігі ашық тұр.


null 

null

 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null  

Алайда қаланы аралау барысында бей- берекет жүрген адамдар кездеспейді. Сондықтан бұл нысандарға кіріп не шығып жүрген ешкім көрінбейді. Қаладағы бірқатар тұрғын үйлер өртеніп кеткен. Базбір көшелерде иесі жоқ малдар жайылып жүр. Электр бағаналарының сымдары үзіліп, қала ұялы байланыс қызметінен ажыратылған.  Ал, әскерилер қаланы  шашылған жарылғыш заттардан тазартуда. Әсіресе, баспаналар мен теміржол бойы тазаланып жатыр. Әзірге қаладағы теміржол бойынан пойыздар өткізілместен, жүру кестесі уақытша тоқтатылған.  Өңірдің  полицейлері мен сарбаздар  қоғамдық тәртіпті бақылауда. Қаланың шыға берісінде үш бекет орнатылған. Ондағы әскерилер Арысқа ешкімді кіргізбеуге тырысуда. Себебі қалаға кіру қауіпті саналып, жолдар жабық тұр. Ал, жарылыс орын алған әскери бөлімнің бағытына қарай жол жүруге тыйым салынған. Тіпті онда журналистер де кіре алмады.   

null

null

null

null

null

null

null

null

null

null

null

null

null

null

nullОблыстың өрт сөндіру қызметі Арысқа барар жолда кезекшілікте тұр.



null 

 

Жоғары қарай