Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып келеді

2019 жылдың 12 қыркүйек 2019 14:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылғы қаңтар-шілдеде ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артқаны байқалды. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ТМД Статистика комитетінің деректері бойынша, достастық елдерінде 2019 жылғы қаңтар-шілдеде 2018 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,7 пайызға артты», - делінген ведомство мәліметінде.

Комитет ақпаратына сәйкес, достастық елдерінде тұтыну бағалары 2019 жылғы шілдеде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3 пайызға өсті. Ал өнеркәсіп тауарын өндірушілер бағалары 0,4 пайызға төмендеді.

Жоғары қарай