Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы финалына қатысады

2019 жылдың 8 қараша 2019 22:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теннистен Қазақстан құрамасы 18-24 қарашада Мадридте өтетін Дэвис кубогы финалына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, айтулы додада әлемнің ең үздік 18 құрамасы сынға түседі.

Қазақстан құрамасы Ұлыбритания және Нидерланды теннисшілерімен бір топта бақ сынайды.

Қазақстандықтар 19 қараша күні Нидерланды, 21-інде Ұлыбритания құрамасымен ойнайды.

Құрама сапында Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Александр Недовесов, Андрей Голубев және Дмитрий Попко бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Братислава 2 челленджер турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

М.Кукушкин ширек финалда босниялық Дамир Джумхурмен кездесті. Есеп 3:6, 1:1 болғаннан кейін қазақстандық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты.

Сол секілді осы жарыста Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында жартылай финалға дейін жетті. Дегенмен жартылай финалда чехиялық Роман Ебавы мен словакиялық Игорь Зеленайға 6:7 (5:7), 4:6 есебімен есе жіберді.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-тағы Ноксвилл челленджер турнирінде словениялық Блаж Роладан 4:6, 4:6 есебімен ұтылып, ширек финалға шыға алмады.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай