Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Теннисші Елена Рыбакина Линц турнирін сәтті бастады

2019 жылдың 8 қазан 2019 17:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Аустриядағы Линц WTA турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 43-ракеткасы Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 98-орында тұрған сербиялық Нина Стояновичпен кездесті.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 7:6 (7:5), 6:2 есебімен ұтты.

Бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды.

Е.Рыбакина екінші айналымда осы жарыстың екінші, әлемнің 10-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчич немесе рейтингте 166-орындағы германиялық Анна-Лена Фридзамның біреуімен шеберлік байқасады.

Жүлде қоры 250 мың АҚШ долларына бағаланған Линц додасы 13 қазанда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Шанхай турнирінде ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай