Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Теннис: Зарина Дияс Вашингтон турнирінің жартылай финалына шыға алмады

2019 жылдың 3 тамыз 2019 09:00 152

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Вашингтон турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 84-орында тұрған Зарина ширек финалда әлемнің 62-ракеткасы, италиялық Камила Джорджимен кездесті.

Италиялық теннисші 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 12 минутқа созылды.

Бұған дейін қарсыластар екі мәрте жолдары тоқайласып, бір-бірден ұтқан болатын. Енді өзара кездесулерде К.Джорджи 2:1 есебімен алға шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын З.Диястың Вашингтон жарысының ширек финалына шыққанын, Михаил Кукушкиннің Лос Кабоста жартылай финалға өте алмағанын жазған болатынбыз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай