Ауа райы
Нұр-Сұлтан 12 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Теннис: Воскобоева жұптық сында Лугано турнирінің финалында ұтылып қалды

2019 жылдың 14 сәуір 2019 20:57 915

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге Лугано (Швейцария) турнирінің финалында румыниялықтар Сорана-Михаэла Кырстя мен Кристина-Андреа Митумен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Воскобоева мен Кудерметова жұптық сында осы турнирдің 1-ракеткасы болып тіркелген еді. Олардың финалдағы қарсыластары жарыстың 3-ракеткасы болатын.

Бірінші партия қазақстандық-ресейлік жұптың айқын басымдылығымен аяқталды - 6:1.

Екінші сетте керісінше румыниялық теннисшілер 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры олар жеңістік бермеді - 6:2.

Соңғы сетте Кырстя мен Миту жұбы 10:8 есебімен тәмамдады.

Бәсеке 1 сағат 8 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Г.Воскобоева мен В.Кудерметованың Лугано турнирінің жартылай және финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Михаил Кукушкиннің Монте-Карло турниріндегі қарсыласы анықталса,  тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-тағы ITF турнирінің финалына шықты.

Рейтингте 623-орында тұрған Д.Попко финалда америкалық, әлемнің 515-ракеткасы Себастьян Кордамен чемпиондыққа таласады.

 

Автор: Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай