Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Теннис: Путинцева Рабат турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады

2019 жылдың 29 сәуір 2019 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева Рабат (Марокко) турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 67-ракеткасы, словениялық, 21 жасар Тамара Зиданшекпен кортқа шықты.

Осы жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева бірінші партияны өз есебіне жаза білді - 6:3.

Екінші сетте де 3:2 есебімен алға шықты. Әйтсе де қарсыласы қайыра брейк жасап, өз геймін де бермеді - 4:3. Содан кейін Т.Зиданшек тағы бір брейкпен түйіндеді - 6:4.

Үшінші, шешуші кезең басында өзі доп бергенде Ю.Путинцева қателікке бой алдырса, соны пайдаланған словениялық спортшы брейкпен алға шықты - 2:0. Қазақстандық теннисші қайыра брейк жасағанымен, қарсыласы да қарап қалмады - 4:1. Ақыры ол сол басымдылығынан айырылған жоқ - 6:3.

Осылайша 2 сағат 23 минутқа созылған тартысты бәсекеде словениялық спортшы жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің халықаралық турнирлердегі қарсыластары анықталғанын, Елена Рыбакинаның рейтингте бірден 27 орынға жоғарылағанын жазған болатынбыз.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 40-ракеткасы Михаил Кукушкин жүлде қоры 524 340 еуроға бағаланған Эшторил (Португалия) турнирінің алғашқы айналымында рейтингте 31-орындағы америкалық Фрэнсис Тиафомен кездеседі.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай