Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Теннис: Путинцева Майами турнирінің төртінші айналымына шықты

2019 жылдың 25 наурыз 2019 02:02 799

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева Майами турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 12-ракеткасы, латвиялық Анастасия Севастовамен кездесті. Бірінші сетті латвиялық спортшы 6:1 есебімен ұтты. Содан кейін Ю.Путинцева 6:2, 6:3 есебімен есе қайыра білді. Тартысты матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

Ю.Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишкова немесе дүниежүзілік рейтингте 53-сатыдағы франциялық Ализе Корненің біреуімен шеберлік байқасады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның жүлде қоры 9 млн АҚШ долларынан асатын Майами турнирінің үшінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз. Ерлер арасындағы осы жарыста тағы бір қазақстандық Александр Бублик екінші айналымға дейін жетіп, онда әлемнің 33-ракеткасы, аустралиялық Ник Кирьостан ұтылып қалды.

 

 

 

 

 

Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай