Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Теннис: Кукушкин Марракеш турниріне қатыспайтын болды

2019 жылдың 5 сәуір 2019 20:09 761

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Михаил Кукушкин Марракеш (Марокко) турниріне қатыспайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүлде қоры 524 340 еуроға бағаланған аталмыш турнир 8-14 сәуір аралығында өтеді. Жарыстан М.Кукушкиннен басқа испаниялық Пабло Карреньо-Буста, канадалық Феликс Оже-Альяссим және поляк Хуберт Хуркачтың тыс қалғаны белгілі болды. Оның алдында Майамиде арқасынан алған жарақатқа байланысты босниялық Давид Джумхур турнирге қатысудан бас тартқан болатын.

Өткен жылы бұл айтулы додада испаниялық Пабло Андухардың бағы жанып, чемпион атанған еді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Монтеррей челленджер турнирін сәтті бастап, ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз. Ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 91-ракеткасы, испаниялық Фелисиано Лопеспен таласады.

Тағы бір қазақстандық теннисші Зарина Дияс Монтеррей турнирінің (жүлде қоры - 250 мың АҚШ доллары) екінші айналымына шыққанымен, Беларусь елінің өкілі Виктория Азаренкодан жеңіліп қалды.

 

 

 

 

 

 

Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай