Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Теннис: Елена Рыбакина Люксембург турнирінің финалына шыға алмады

2019 жылдың 19 қазан 2019 23:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Елена Рыбакина Люксембург WTA турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 43-орында тұрған қазақстандық спортшы жартылай финалда әлемнің 26-ракеткасы, германиялық Юлия Гергеспен күш сынасты.

Бірінші партияда германиялық теннисші 6:3 есебімен басым түсті.

Ол екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры осы брейк жеткілікті болды - 6:4.

Бәсеке 1 сағат 28 минутқа созылды.

Өткен жылы осы жарыста үздік шыққан Ю.Гергес финалда латвиялық Елена Остапенкомен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Венада іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай