Ауа райы
Нұр-Сұлтан 12 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Теннис: Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

2019 жылдың 22 сәуір 2019 00:31 828

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  -  Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-та Ориндж-Парк ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 620-орында тұрған Д.Попко финалда осы турнирдің төртінші, әлемнің 557-ракеткасы, аргентиналық Агустин Велоттимен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық теннисші 6:0, 5:7, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Финалдық бәсеке екі сағаттан астам уақытқа созылды.

Д.Попко жартылай финалда доминикандық Хосе Оливаресті

6:2, 6:1 есебімен ұтқан еді.

Бұл жарыстың жүлде қоры - 15 мың АҚШ доллары.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Д.Попконың АҚШ-тағы тағы бір турнирдің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Ал әйелдер арасында Федерация кубогы үшін Лондонда өткен матчта Қазақстан құрамасы Ұлыбританиядан жеңіліп қалды.

Оның алдында бірінші корт иелері жеңіске жетіп, Ю.Путинцева таразы басын теңестіргенімен, ұлыбританиялықтар қайта алға шыққан еді.

 

 

 

 

 

Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай