Ауа райы
Нұр-Сұлтан 12 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Теннис: Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

2019 жылдың 21 сәуір 2019 16:52 664

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  -  Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-та Ориндж-Парк ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Д.Попко жартылай финалда доминикандық Хосе Оливареспен кортқа шықты.

Дүниежүзілік рейтингте 620-орында тұрған қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен ұтты.

Д.Попко жүлде қоры 15 мың АҚШ доллары болатын жарыстың финалында турнирдің төртінші, әлемнің 557-ракеткасы, аргентиналық Агустин Велоттимен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Д.Попконың АҚШ-тағы тағы бір турнирдің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Ал әйелдер арасында Лондонда Ұлыбритания - Қазақстан матчы өтуде. Онда алдымен корт иелері алға шықты. Содан кейін Юлия Путинцева таразы басын теңестірді. 

 

 

Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай