Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Теннис: Бублик «Кремль кубогының» алғашқы айналымынан аса алмады

2019 жылдың 15 қазан 2019 23:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Мәскеудегі «Кремль кубогы» ATP турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Бублик бастапқы кездесуін осы жарыстың алтыншы, әлемнің 31-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен өткізді.

Бұлардың екеуі де – 1997 жылғы жастар, бұрынғы отандастар болғандықтан, бір-бірінің сырын жақсы біледі деп айтуға болады.

Бірінші партияда екі мәрте брейк жасаған корт иесі айқын басымдылықпен жеңіске жетті – 6:1.

Екінші сетте есесіне А.Бублик 5:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін қарсыласы есепті қысқартқанымен, қазақстандық теннисші басымдылықты уысынан шығарған жоқ – 6:3.

Үшінші партияда есеп 2:2 болған мезетте А.Бублик брейкпен алға шыққанымен, қарсыласы қайыра брейк жасады – 3:3. Есеп 4:5 болғанда, қазақстандық теннисші қателікке бой алдырып, Рублевтің екінші матчболын пайдалануына мүмкіндік беріп қойды – 4:6.

Бәсеке 1 сағат 33 минутқа созылды.

А.Рублев ширек финалға шығу үшін әлемнің 89-ракеткасы, италиялық Томас Фаббиано немесе рейтингте 98-сатыдағы Беларусь елінің өкілі Егор Герасимовтің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің «Кремль кубогын» жеңіспен бастағанын, Е.Рыбакинаның Люксембург турнирінің екінші айналымына шыққанын, ал Ю.Путинцеваның Мәскеуде ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай