Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Теңіздегі вахта қызметкерлерінің ЖИТС-ті қайдан жұқтырғаны тексерілуде

2019 жылдың 14 тамыз 2019 22:10 123

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Теңіздегі вахта қызметкерлерінің ЖИТС-ті қайдан жұқтырғаны анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Орал қаласының төрт тұрғыны ЖИТС жұқтырғаны туралы ақпарат тарады. Олардың барлығы да «Теңізшевройл» компаниясының Теңіз кенішінде вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген деген ақпарат бар. Қазіргі таңда вирус жұтырған 4 адамның екеуі ғана Теңізде болғаны анықталды. Бұл жағдай бойынша Теңізде жұмыс істейтін медицина мамандарының қатысуымен эпидемиологиялық тергеу жүргізіледі», - деді ЖИТС пен АИТВ инфекцияларының алдын алу орталығының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов.

Осы кезде облыста вирус жұқтырғандар саны 21 адам. Жыл басынан бері тамыз айына дейін 18 адам науқастанған.

Жоғары қарай