Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 330.22
EUR 388.07
RUB 5.60
CNY 49.93

Теңіз-Новороссийск құбыр желісінің қуаттылығы артты

2017 жылдың 13 қазан 2017 01:58 615

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК) Атырау облысы Аққыстау кентінде салынған жаңа мұнай айдау станциясын пайдалануға берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«А-НПС-3А жаңа мұнай айдау станциясы - КҚК кеңейту аясында салынған соңғы нысан. Ол арқылы жүйенің мүмкіндігі жылына 28-ден 67 млн тоннаға артады. Станция автоматтандырудың жоғары деңгейіне ие әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтарымен жабдықталған», - деп хабарлады КҚК-Қазақстан баспасөз қызметі.

Аталмыш нысанның құрылысы 2013 жылдың тамызында басталған. 2016 жылдың жазында нысанды салу кезінде 600-ден астам жұмысшы еңбек етті.

Станцияның ашылу рәсіміне КҚК бас директоры Николай Горбань, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, КҚК акционерлер өкілдері қатысты.

КҚК құбыр желісі жүйесі - ТМД аумағында шетелдік капиталдың қатысуымен энергетика саласындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбыр желісінің ұзақтығы 1 511 шақырымды құрайды. 

 

 

Басты сөздер: Атырау облысы, Мұнай-газ,

Пікір қалдыру

Жоғары қарай