Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Теміржолшылар Алматы-Петропавл пойызын дер кезінде тоқтатып, апаттың алдын алды

2019 жылдың 11 желтоқсан 2019 21:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін сағат 10.43-та күзетілетін теміржол өтпесінде, Қарағанды-Сұрыптау - Нұр-Сұлтан учаскесінде машинист «Алматы-Петропавл» жолаушылар пойызын тоқтатты. Өтпеден 200 метр қашықтықта рельсте жүк көлігі тұрып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтпе бойынша кезекші Болат Бекбергенов дер кезінде бөгегіш дабылының түймешесін ағытып, орын алған қауіпті машинистке ескертіп үлгерді.

Белгілі болғандай, жүк көлігі темір жол үстіне шығып, техникалық ақауына байланысты кенеттен сол жерде тұрып қалған. Өтпе бойынша кезекші мен Қарағанды локомотив пайдалану депосының локомотив бригадасы – машинист Вячеслав Козлов пен оның көмекшісі Мейрам Охановтың үйлесімді жұмысының арқасында пойыз автомобильге соғылмады.

Оқыс оқиға салдарынан пойыз екі сағатқа кешікті.

Айта кетер болсақ, 2019 жылы теміржол өтпелерінде 30 жол-көлік оқиғаы тіркелген. Олардың басты себебі – жүргізушілердің жол ережесін бұзуы.

Басты сөздер: ҚТЖ, Оқиға,
Жоғары қарай